Педагог-тәрбиешілер » «Ашамай» балабақшасы»
«Ашамай» балабақшасы
Алматы қаласы «Тұран қазынасы»
Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі
БСН :
050240000550
Телефон:
+7 7772442707
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-тәрбиешілер
медбике
18
февраль
2022
медбике
Кокеева Ботакөз Асанқызы – «Ашамай» балабақшасының медбикесі. Санитарлық-гигиеналық режимді бақылауды жүзеге асырып, аурулардың алдын алу мен сауықтыру жөніндегі жұмыстарды белсенді атқарып келеді.
тәрбиеші
18
февраль
2022
тәрбиеші
Рашидова Насия Атамшаевна – «Балдырғын» тобының тәрбиешісі. Сабаққа деген балалардың қызығушылығын арттырып, олардың оқуға деген ұмтылысын, белсенділіктерін көптеген дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын тиімді пайдалана отырып қалыптастырады. Әр баламен жеке жұмыс істеп, әр қайсысына көңіл бөле біледі.
тәрбиеші
18
февраль
2022
тәрбиеші
Туғанбаева Назерке Еділханқызы – «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі. Балалармен бірлесе жұмыс жасай отырып, түрлі дидактикалық ойындар, тренингтер, сергіту сәттерін үйретеді. Сонымен қатар, балаларға мектепалды даярлық сабақтарын жүргізіп, шығармашылығын дамыту мақсатында әндер, тақпақтар жаттатады. Балаларды ұжымшылдыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға машықтандырып келеді. 
тәрбиеші
18
февраль
2022
тәрбиеші
Нұрғали Дәрия Аманқызы – «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Таным», «Шығармашылық», «Қатынас» білім беру салалары бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Құлыншақ» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін жүргізіп, көрнекілік жұмыстары арқылы балалардың білімін жетілдіреді.
әдіскер
18
февраль
2022
әдіскер
Ұзақбай Әлия Ақылбайқызы – «Ашамай» балабақшасының әдіскері. Өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыра біледі. Тәрбиешілердің педагогикалық біліктіліктерін арттырып, олардың жетістіктері мен жұмыстарын талдап, олардың дарындылығы мен кәсіби дағдыларын кеңірек ашу үшін жағдай жасап келеді.
тәрбиеші
18
февраль
2022
тәрбиеші
Бидаулетова Баян Камеевна – «Ашамай» балабақшасының меңгерушісі. Ұқыпты, тиянақты, жауапкершілігі мол. Кәсіби тәжірибесі жеткілікті. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді және тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасап отыр.